Павлодар облысында жаңбырлы апта күтіледі

Павлодар облысында жаңбырлы апта күтіледі

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, 12 маусым күні жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.   Күндіз сынап бағанасы +27...+32°C,  ал облыстың солтүстік бөлігінде  +22°C көрсетеді. 

13 маусымда күн бұзылып,  жаңбыр мен найзағай күркірейді. Ауа температурасы +23...+28°C,  облыстың солтүстігінде  +18°C болады. 

Сәрсенбіде облыстың оңтүстігінде  жауын-шашын күтіледі, күндіз ауа температурасы +18...+23°C болады. 

Бейсенбі, жұма күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сенбіде солтүстік пен шығыс бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ал жексенбіде күндіз +30°C дейін ыстық болады деп болжануда.

Фото: Константин Шелков