Мичурин ауылдық округіне жаңа әкім сайланды
Ол ауылдық округ тұрғындарының 73,7 пайыз дауысына ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар ауданының әкімі Николай Дычко мәлімдеді.
- 11 ақпан күні Мичурин ауылдық округі әкімінің тікелей сайлауы өтті. Дауыс берушілер 66,8 пайызды құрады. Сайлау учаскелеріне келіп, сайлауға қатысқандардың барлығына ризашылығымды білдіремін, - деді Николай Дычко.
Сайлау қорытындысы бойынша ауылдық округ тұрғындары Асхат Қуатұлы Мейрамовтың кандидатурасын қолдады. Ол сайлаушылардың 73,7 пайыз дауысына ие болды.
Асхат Қуатұлының мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 7 жыл. Бұған дейін «Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметін атқарған.
Жаңадан сайланған әкімді жергілікті өзін-өзі басқару мүшелеріне, ауылдық округтің активіне аудан әкімі өзі таныстырды.