Мұғалімді пышақтады: Павлодарлық оқушыға шизофрения диагнозы қойылды
Сот шешімі шығарылған кезде жасөспірімнің ауруы туралы белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Биыл мамырда №14 мектеп оқушысы сыныптасы мен мұғалімге пышақ сұғып алған. Екі оқушының арасында ұрыс-керіс шығып, мұғалім оларды ажыратпақ болған кезде жарақат алған.
Тергеу кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша жүргізілді. Дәрігерлер жасөспірімге шизофрения диагнозын қойды. Оқиға орын алған сәттен төрт ай өткен соң оқушыға қатысты үкім шығарылды.
– Күдіктіге қатысты жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу шаралары қолданылсын, – деді Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық сотының үкімінде.
Оқушы дәрігерлердің бақылауында болады. Психикалық ауытқуы бар адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.