Облыс әкімі павлодарлықтарды Рамазан айымен құттықтады

Аймақ басшысы Асайын Байханов тұрғындарға тілегін арнады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың құттықтауы өзінің инстаграм парақшасында жарияланды.
— Құрметті жерлестер! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл өмірдегі шынайы құндылықтарды еске түсіретін, мейірімділікке, жан тазалығына, мұқтаж жандарға жанашырлық танытуға шақыратын берекелі уақыт. Осы қасиетті айда Сіздерді игі істер жасауға, қайырымдылыққа үлес қосуға, бірлік пен берекемізді нығайтуға шақырамын. Әр күніміз жақсылық пен ізгі ниеттерге толы болсын! Ораза қабыл болсын! — дейді облыс әкімі өз құттықтауында.
Өңір басшысы павлодарлықтарға мықты денсаулық, бақыт пен амандық, игі тілектердің орындалуын тіледі. Алла Тағала қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз бен дұғаларыңызды қабыл еткей.