Панасыздарға көмек: Павлодарлық полицейлер рейдтік іс-шаралар жүргізуде

Панасыздарға көмек: Павлодарлық полицейлер рейдтік іс-шаралар жүргізуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олардың міндеті – белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың өлімі мен үсіп қалу фактілерін болдырмау, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан бастап тәртіп сақшылары қабылдау-орналастыру орнына белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 2323 адамды жеткізді. Полиция бөліміне жеткізілгендердің барлығы бірқатар рәсімдерден өтеді: олардың фотосуреттері мен бейнежазбалары тіркеледі, саусақ іздері алынады, содан кейін іздеудегі қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кеткендер тізімдерімен салыстырылады.

Полицейлер қала тұрғындарына қабылдау-орналастыру орнының есіктері тәулік бойы ашық екенін еске салады. Егер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар үйлердің жертөлелерінде немесе кіреберістерінде болса, қайыр сұраса немесе қоқыс тастаса, тұрғындар 102 немесе 51-58-51 нөмірлеріне қоңырау шалып, полицияға хабарлай алады.