Павлодарға 100-ге таяған қари әже келді
Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде «Ұлттық сана, ұлттық сапа және ұлт анасы» тақырыбында семинар өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, 98 жастағы қари Жұмагүл Мұратқызы келіп, мешіттің әйел жамағатымен кездесті, Құран оқып, бата берді. Сонымен қатар ұлағатты ұстаз Құралай Жарбол, «Ұлт анасы» жобасының авторы Қарлығаш Бекпатшақызы да келді.
Іс-шараны «Әйел-қыздар секторы» ұйымдастырды.
– Алматыдан арнайы келген меймандар ұлт болашағы, бала тәрбиесі және қоғамдағы әйел адамның орны тақырыбында дәріс оқыды, – дейді ұйымдастырушылар.
Кездесу соңында «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ақерке Тұрғынбай келген қонақтарға жамағаттың атынан алғыс айтты.
Айта кетерлігі, Жұмагүл Мұратқызы бес жасында Хафиз – Құранды жатқа білетін адам атанған. 30 жыл Медина қаласында тұрып, кейін қайта Алматыға көшіп келген.