Павлодар Қала күнін қандай ауа райымен қарсы алады?

Павлодар Қала күнін қандай ауа райымен қарсы алады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

25 шілде күні өңірде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, облыс орталығында түнде ауа температурасы +14…+16 °C шамасында болады. Аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Күндіз ауа райы біршама тұрақталып, жауын-шашын күтілмейді. Температура +26…+28 °C болады.

Павлодар облысында түнде ауа температурасы +13…+18 °C аралығында сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз облыстың кей өңірлерінде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Ауа температурасы +25…+30 °C шамасында болады.

Павлодарлықтар Қала күнін жылы ауа райымен қарсы алғанымен, мерекелік шараларға барар алдында ауа райы жағдайын ескергені жөн.