Павлодар әкімі саябақты 10 күн ішінде ретке келтіруді тапсырды
№39 мектеп жанындағы шағын саябаққа қатысты шағымдар көбейген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімі әлеуметтік желілерде аталған шағын саябақтың жағдайы туралы сұрақтар көп түсетінін атап өтті.
– Мен аталған саябақта болдым. Қала тұрғындары тарапынан түскен шағымдар расталды. Спорт және балалар алаңдарының жай-күйі, сондай-ақ суару жұмыстары бойынша олқылықтар бар екен, – дейді Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов.
Бұл саябақты қалыпқа келтіріп, кейін күтіп-баптау үшін жауапты тұлғалар мен мердігер ұйымдар бар. Қала әкімі он күн ішінде олқылықтарды жоюға тапсырма берді.
Барлық саябақтар мен алаңдар тұрғындар үшін жайлы және қауіпсіз болуы керек.