Павлодар көшелері түнде шаңнан тазартылады

Павлодар көшелері түнде шаңнан тазартылады
Фото: vk.com

Бұл туралы қала әкімі өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жыл сайын көктем айында қала көшелерінде шаң жиналады.

Қыста, қала тұрғындарының қауіпсіздігі мақсатында, автокөлік жолдарына және жаяу жүргіншілер жолына көктайғаққа қарсы материал, құм себілетіні белгілі. Қар еріген соң ол құм жолдардың бетінде қалып қояды. Желдің салдарынан және қала көшелерін тазалау барысында ауаға көтеріледі. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін әзірге жолдарды тазалау бойынша жұмыстар түнгі уақытқа ауыстырылады, – деп түсіндірді қала басшысы Хасар Хабылбеков. 

Ол павлодарлықтарды шыдамдылық танытып, түсіністікпен қарауды сұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)