Павлодар облысы бал өндірісінен табыс табудан үштікке енді
Елімізде бір келі балдың орташа құны үш мың теңгені құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2024 жылдың тамызында ҚР-да бал бағасы өткен аймен салыстырғанда 1,2%-ға және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға өсті.
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, айлық динамикада еліміздің 20 өңірінің жетеуінде бағаның қымбаттауы байқалды. Солтүстік Қазақстан (4%-ға), Түркістан (3,8%-ға) және Шығыс Қазақстан (3,4%-ға) облыстарында бағалар айтарлықтай өскен. Ал, Батыс Қазақстан облысында балдың бағасы керісінше, 1,5%-ға арзандаған. Еліміздің қалған 12 өңірінде бал бағасы былтырғы деңгейінде қалды. Жыл сайынғы динамикада ең жоғары баға Түркістан облысында 31,9%-ға тіркелді. Бұдан әрі Солтүстік Қазақстан (19,2%-ға) және Жетісу (15,4%-ға) облыстары, Астана (13,2%-ға), Шымкент (12,6%-ға) тұр.
– Елімізде бір келі балдың орташа құны үш мың теңгені құрады. Ең жоғары бағалар Қызылорда облысында (келісі – 3,6 мың теңге), Ақтөбе (3,5 мың теңге) және Ұлытау (3,4 мың теңге) облыстарында белгіленді. Ал, Алматыда (келісі – 2,2 мың теңге), Павлодар облысында (2,5 мың теңге) және Шымкентте (2,5 мың теңге) балдың бағасы арзанырақ, – дейді сарапшылар.
Бал сату бойынша табыс табудан өңірлік бөліністе жеке кәсіпкерлер секторында ең жоғары табыс Қарағанды облысында байқалды: 256,4%. Бұдан әрі Павлодар (63,5%) және Ақтөбе (60,4%) облыстары орын алады. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында Қарағанды (256,4%), Павлодар (60,8%) және Ақтөбе (60,4%) облыстары көш бастады. Еліміздің ауылшаруашылық кәсіпорындарында сәл өзгеше жағдай қалыптасты. Солтүстік Қазақстан облысы 81,3% көрсеткішпен көш бастады. Екінші және үшінші орындарда Шығыс Қазақстан (71%) және Павлодар (52,9%) облыстары орналасқан.