Павлодар облысы хабар-ошарсыз жоғалғандар бойынша алдыңғы үштікте

Павлодар облысы хабар-ошарсыз жоғалғандар бойынша алдыңғы үштікте
Фото:pexels.com

Жоғалған адамдардың көп бөлігі Алматы қаласы және Қарағанды мен Павлодар облысында, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Бас прокуратурасы адамдардың ең көп хабар-ошарсыз жоғалып кеткен өңірлер тізімін жариялады. 

–Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адам іздестірілуде.  Олардың 2 176 хабар-ошарсыз жоғалғандар,– деп жазды ҚР Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі Алматы қаласы – 287, Қарағанды облысы-221, Павлодар облысы-170, Алматы облысы - 167 тіркелген. Көбінесе 30-49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады.  

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің хабарлауынша, бүгінде  із-түссіз жоғалған 47  адамға іздеу жарияланды. Оның ішінде 36 адам табылды. Бүгінге 15 адам іздеуге жарияланды. 

– Есеп мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы 56, 2021 жылы 92, ал 2022 жылы 45 адам хабар-ошарсыз жоғалған еді,– деді департаментте.– 42 адам үйден кетіп, оралмаса, үш адам жұмысқа кеткен күйі оралмаған. Сонымен қатар,  бір адам автокөлігімен жоғалып кетті 

Павлодар облысында қылмыстық-іздестіру істеріне хабар-ошарсыз кеткендерден қылмыстық-іздестіру істеріне  аударылған 157 адам бар.