12 ақпанда Павлодар облысында аяз күшейеді

12 ақпанда Павлодар облысында аяз күшейеді
Фото: Константин Шелков

Аспанды көшпелі бұлтты торлайды, бірақ жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, ауа температурасы –21–23 °C шамасында болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, кей кездері екпіні 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Күндіз ауа температурасы –17–19 °C деңгейінде сақталады. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз күн күтіледі.