Павлодар облысы шай бағасы арзан үш өңірдің қатарына кіреді
Қара шай Қазақстанда 2022 жылдың ақпан айында орташа есеппен келісіне 3819 теңгеден сатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Еnergyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, Қазақстан Республикасының ірі қалалары мен мегаполистерінің ішінде шай елордада қымбат. Бір келісі - 4108 теңге. Ең «қымбат» қалалардың қатарына Қарағанды (кг 4093 теңге) мен Алматы (кг 4074 теңге) кіреді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы бойынша Семей (кг 3924 теңге) мен Өскеменде (кг 3843 теңге) шай бағасы орташа деңгейден жоғары.
– Қазақстандықтардың сүйікті сусынының ең төменгі бағасы Түркістанда (кг -3557 теңге), Павлодарда (кг - 3610 теңге) және Оралда (кг 3619 теңге) тіркелді. Биылғы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша шай айына 0,4%-ға, жылына 9,3%-ға қымбаттады, – деп жазылған хабарламада.
2020 жылдың желтоқсанында баға 10%, 2015 жылдың желтоқсанында 89,4% өсті. 2010 жылдың соңғы айынан осы жылдың қаңтарына дейін шай 2,8 есеге, 2005 жылдан бері 5 есеге қымбаттады.
Қазақстан Республикасының өңірлері арасындағы жылдық динамикада шай бағасы Батыс Қазақстан (17,1%-ға), Алматы (16,8%-ға) және Шығыс Қазақстан (14,7%-ға) облыстарында айтарлықтай өсті.
2022 жылдың қаңтарында қазақстандық компаниялар 950 тонна қара байхы шайын шығарған. Оның алдыңғы жылдың ұқсас кезеңінде 950 тонна өндірілген.
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында сектордағы өндіріс бір жыл бұрынғы 13,0 мың тоннаға қарсы 11,2 мың тоннаны құрады.
Қазақстандағы шай өндірісі Алматы мен Қарағанды облысында шоғырланған.