Павлодар облысына аптап ыстық қайта оралады

Павлодар облысына аптап ыстық қайта оралады
Фото: Константин Шелков

Солтүстік-батыстан соғатын желдің арқасында ыстықты көтеру біршама жеңіл болуы мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, 25-31 шілде аралығында облыстың солтүстік және шығыс аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады.

Облыс бойынша түнгі ауа температурасы +13…+18 градус шамасында болады, ал аптаның соңына қарай +15…+20 градусқа дейін жылынады. Күндізгі температура бірнеше күн бойы +23…+28 градус аралығында сақталып, демалыс күндері +32 градусқа дейін көтеріледі.