Павлодар облысына екі мыңнан астам адам көшіп келді

Республикалық маңызы бар қалалардың адамдары тұрғылықты жерін ауыстырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
2025 жылғы қаңтар-наурызда облысқа келгендер саны 2189 адамды, облыстан кеткендер саны 3879 адамды құрады. Осылайша теріс көші-қон айырымы тіркелді – 1690 адам.
Бұл туралы облыстық статистика департаменті мәлім етті.
– Қазақстанның басқа өңірлерінен 2006 адам бізге көшіп келді. Атап айтқанда, көшіп келгендерден 36,6 пайызы Астана қаласынан, 10 пайызы Алматы қаласынан екендігі тіркелді, – деді департаментте.
Облысқа сыртқы көші-қон бойынша 183 адам көшіп келді, соның ішінде ТМД елдерінен – 113 адам, (69% - Рессейден, 14,2% - Түрікменстаннан келген), ал әлемнің басқа елдерінен 70 адам көшіп келді (52,9% - Қытайдан, 28,6% - Моңғолиядан).
Қаңтар-наурыз аралығында облыстан республика шегіне 70 адам, соның ішінде ТМД елдеріне 48 адам, әлемнің басқа елдеріне 22 адам қоныс аударды.
Қазақстанның басқа өңірлеріне 3809 адам көшіп кетті. Басым бөлігі Астана мен Алматы қалаларына қоныс аударды.