Ертіс ауданында бала туудың ең жоғары деңгейі тіркелді

1 сәуірдегі жағдай бойынша Павлодар облысында халық саны 749 686 адамды құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық статистика департаменті 2025 жылғы қаңтар-наурыздағы Павлодар облысындағы демографиялық жағдай туралы статистикалық мәліметтермен бөлісті.
– Қалаларда – 534 142 адам болса, ауылдық жерлерде – 215 544 адам бар. Үш айда 1997 сәби дүниеге келді. Ал, 1639 адам қайтыс болды. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 358 адамды құрады, – деді департаментте.
Туудың ең жоғары деңгейі – Ертіс ауданында. Мың тұрғынға 13,76 адам байқалды. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Тереңкөл ауданында екені анықталды. Мың тұрғынға 13,19 адам тіркелді.