Павлодар ауданында 14 баланың әкесі полиция лейтенантын балағаттаған

Павлодар ауданында 14 баланың әкесі полиция лейтенантын балағаттаған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ер адамның теріс қылығы сотта қаралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігі бойынша билік өкілін қорлағаны үшін ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Іс материалдарында 2024 жылы 28 қарашада түнгі сағат 01:30-да Павлодар ауданы жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Новоямышево ауылында патрульдеуді жүзеге асырып, Қонаев көшесінде орналасқан балабақшаға қарама-қарсы автожолдың шетіне тоқтаған деп жазылды. Сол уақытта 44 жастағы тұрғын қызметтік автокөлікте отырған полиция лейтенантына жақындап, билік органының беделіне нұқсан келтіретін балағат сөздер айтып, видеоға түсіре отырып, әдепсіз түрде қорлай бастады. Полицей ер адамның ескерту жасады, алайды тұрғын айтқан сөздерді елемеген. Кейін ол түсірген бейнені учаскелік инспекторға жіберді. 

Айыпталушы сотта өзінің кінәсін мойындады. Жұмыс істемейтін ер адамның асырауында 14 жас бала бар. 

Ер адам ҚР Қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 40 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.