Павлодар облысындағы «Богатырь көмір» спортшылары ҚР чемпионатында жүлде алды

Павлодар облысындағы «Богатырь көмір» спортшылары ҚР чемпионатында жүлде алды
Фото:

Алматыда өткен ардагерлер арасындағы армрестлинг бәсекесінде павлодарлықтар алтын мен күміске ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Богатырь көмір» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 24–28 ақпан аралығында Алматы қаласында армрестлингтен ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға қатысқан «Богатырь Көмір» компаниясының қызметкерлері жүлделі орындармен оралды.

Жарыс қорытындысы бойынша Тахир Ильясов (БЖКБ, Көтергіш-көлік жабдықтары учаскесі) І орынды иеленді. Алексей Сазонов (БЖКБ, «Ударная» ЖҚД) пен Андрей Нягу (ТКБ) ІІ орынға тұрақтады.

Компания ұжымы әріптестерін кезекті спорттық жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда да жеңіс тілейтінін жеткізді.