Павлодар облысында құс етінің бағасы өсті

Павлодар облысында құс етінің бағасы өсті

Маусымда елімізде тауықтың бағасы11% көтерілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, өңірлер бойынша  ең көп жылдық баға өсімі Павлодар облысында–23,6% тіркелді. 

– Өңірлер бойынша антилидерлер үштігіне Батыс Қазақстан (23,3%) және Қостанай (19,6%) облыстары да кірді, – делінген хабарламада. 

Бағаның ең төмен жылдық өсімі Маңғыстау облысында тіркелді: небәрі 0,6%- ға. Еліміздің 20 өңірінен тек Ақтөбе және Түркістан облыстарында құс аздап арзандаған.

Биылғы жылдың маусым айында құс етінің жылдық өсімі 10,8% құрады. Оның ішінде тауық еті 13,9%, құстың сан еті 6%, тауықтың төс еті 18,2% — ға, жамбас пен сирағы 18,6% - ға қымбаттады.