Павлодар облысында қатты отынға сұраныс артты

Павлодар облысында қатты отынға сұраныс артты
Фото:pixabay.com/OnzeCreativitijd

Бұл жаңа әлеуметтік нысандардың ашылуына байланысты болып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының жылумен жабдықтау бөлімінің басшысы Жангелді Қожановтың мәліметінше, алдағы жылыту маусымына қатты отынға жалпы қажеттілік шамамен 645 мың тоннаны құрайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 585 мың тонна болған.

– Облыстағы бюджеттік ұйымдарға, автономды және орталықтандырылған қазандықтарға 240 мың тонна қажет, қалған көлемі – халыққа арналған, – деп түсіндірді Жангельді Қожанов. – Бағаға келсек, көмірдің құны орта есеппен 1,5–2 мың теңгеге өсті. Павлодарда тас көмірдің бағасы – тоннасына 12–14 мың теңге, қоңыр көмір – 14–16 мың теңге.

Аудандарда баға қашықтыққа байланысты өсуі мүмкін.

Энергетика және ТКШ басқармасы, «Богатырь Көмір» ЖШС және «Майкубен-Вест» АҚ жыл сайын қатты отын бағасын тұрақтандыру үшін меморандум жасайды. Басқарма көмір сатып алуға болатын мекенжайлармен бөлісті.

Павлодар:

  • Шығыс өнеркәсіптік аймақ, 2 және 949;
  • Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 24/9;
  • Товарная көшесі, 25;
  • Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 36;
  • М. Жүсіп көшесі, 385/1-76;
  • Циолковский көшесі, 61;
  • Ломов көшесі, 186;
  • Академик Сәтбаев көшесі, 247, пәтер 215.

Екібастұз:

  • Бөгенбай батыр көшесі, 21/1;
  • Астана көшесі, 20;
  • Әлкей Марғұлан көшесі, 10;
  • Жаңауыл ауылы, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 197.

Шарбақты ауданы:

  • Шарбақты ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 21 және Чайко көшесі, 1.