Павлодар облысында қыркүйектің алғашқы онкүндігінде ауа райы құбылмалы болады
Синоптиктер жаңбыр, найзағай, тұман, үсік және жекелеген күндері бұршақ пен қатты жел болатынын болжап отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2 қыркүйекте түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын болжанады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік және шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Түнде ауа температурасы 0...+5 градус, батыс пен солтүстікте -3 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз +10...+15 градус. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14 м/с, солтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с болады.
3 қыркүйекте жауын-шашын болмайды. Алайда батыс, солтүстік және шығыс аудандарда түнде және таңертең тұман сақталады. Түнде +2...+7, солтүстік-шығыста -1 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа +17...+22 градусқа дейін жылынады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады, солтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.
4 қыркүйекте жауын-шашын күтілмейді. Түнде +3...+8, солтүстік-шығыста -1 градусқа дейін салқындайды. Күндіз +17...+22, облыстың солтүстігінде +24 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады.
5-6 қыркүйекте күн ашық болады. Түнгі температура +7...+12, шығыста +4 градус шамасында. Күндіз +20...+25 градусқа дейін жылынып, 6 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде ауа температурасы +18 градус болады. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с жылдамдықпен соғады.
7 қыркүйекте ауа температурасы одан әрі жоғарылап, түнде +10...+15, күндіз +23...+28 градусқа жетеді. Жауын-шашын болмайды. Оңтүстік желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады.
8 қыркүйекте күндіз облыстың батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +12...+17, оңтүстікте +20, күндіз +25...+30 градус күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14 м/с, батыста күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
9 қыркүйекте жаңбыр жауып, күндіз найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Түнде +12...+17, оңтүстікте +20, күндіз +20...+25 градус болады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
10 қыркүйекте облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +5...+10, батыста +2 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +18...+23 градус жылы болады. Шығыстан соғатын жел 9-14 м/с, солтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с болады.