Павлодар облысында қолайсыз ауа райына байланысты жедел штаб құрылды

Павлодар облысында қолайсыз ауа райына байланысты жедел штаб құрылды
Фото: pexels.com / Negative Space

Өңір тұрғындары мен қонақтары үшін психологиялық көмек жедел желісі іске қосылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта жағдайды бақылау және тиісті қызметтердің жұмысын үйлестіру шаралары жүргізілуде.

– Сонымен қатар өңір тұрғындары мен қонақтарына психологиялық көмек көрсету үшін жедел желі жұмыс істейді. Телефон: 207-112, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, өңірде ауа райының күрт нашарлауына байланысты төтенше жағдайлар қызметтері жоғары дайындық режиміне көшті. Өңірде боран мен қатты желдің күшеюіне байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға шектеу енгізіліп, барлық бағыттар бойынша көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Жолдарда бақылау бекеттері қойылып, жүргізушілер мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді.