Павлодар облысында 30-ға жуық адам көлік апатынан қаза тапты

Павлодар облысында 30-ға жуық адам көлік апатынан қаза тапты
Фото: Константин Шелков

Бұл – жыл басынан бергі статистика, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері облыс аумағында жол-көлік апатының 397 фактісі тіркелген. Аталмыш оқиғаларда 29 адам қаза тауып, 487 адам зардап шеккен. 

– Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жаяу жүргіншілер өткелі алдында жылдамдықты төмендету қажеттігін еске салып отырады. Жол қозғалысына қатысушылардың ең көп және ең осал тобы – жаяу жүргіншілер, – дейді департаментте. 

Жол қауіпсіздігін әртүрлі жағдайда бұзғаны үшін 66572 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 768 жүргізуші мас күйінде көлік тізгініне отырғаны үшін жазаланды. Сотпен 595 жүргізуші көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылды. Жалпы 870 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.