Павлодар облысында ақ қырыққабат қымбаттады

Павлодар облысында ақ қырыққабат қымбаттады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көкөністер мен жемістер арасында ақ қырыққабат 46% өскен, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, азық-түлік тауарлары тобында қанттың бағасы 4%-ға, балық пен теңіз – 2,6%-ға, майлар мен тоң майлар – 1,5%-ға, ет (ет өнімдерін қоса алғанда) – 0,9%-ға, сүт өнімдері – 0,7%-ға қымбаттауы байқалды. Бұл ретте жұмыртқа бағасының 7,3%-ға төмендеген. 

Көкөністер мен жемістер арасында ақ қырыққабат 46 %, картоп – 15,6%-ға, қызылша – 0,9%-ға қымбаттады, ал сәбіз – 3,4%-ға, пияз 1,4%-ға арзандады, – дейді департаментте. 

Алкоголь және темекі өнімдерінің бағасы 3,2%-ға өсті. Азық-түлік емес тауарлардың бағасы зергерлік бұйымдар мен сағаттар 2%-ға, автокөліктер – 1,9%-ға, тұрмыстық техника – 1,6%-ға, бензин – 1,2%-ға, киім-кешек пен аяқ киім – 0,5%-ға, фармацевтикалық өнімдер 0,3%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтер бойынша көлік қызметтері 3,9%-ға, тұрғын үйді нақты жалдау ақысы – 3,5%-ға, білім беру қызметтері 0,5%-ға өсті.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында сумен жабдықтау тарифтері – 4,6%-ға, кәрізге тарифтер  2,8%-ға артса, орталықтан жылыту 11,4%-ға арзандады.