Павлодар облысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Бұл жәрмеңкеде шикі сүт және тауық жұмыртқалары арзан бағамен сатылатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тапсырмасына сәйкес 3 ақпан күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
Жәрмеңкеге Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары және ауылдық аудандардың тауар өндірушілері қатысады.
Шикі сүтті Шарбақты ауданының «Победа» ЖШС, аудандық «Агротрейд» ЖШС фермерлер базасының ішіне жеткізеді. Тауық жұмыртқасын жергілікті құс фабрикалары «Павлодар Құс» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС қамтамасыз етеді.
Мекенжайы: Торговая көшесі, 2А.
Осындай жәрмеңкелер сенбі күндері Екібастұз, Ақсу қалаларында және облыстың 10 ауылдық аудандарында ұйымдастырылады.