2 қарашада Павлодар облысында көктайғақ және тұман болады

2 қарашада Павлодар облысында көктайғақ және тұман болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаңбыр және қар аралас түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Батыс және солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. 

Ауа температурасы түнде 0-5 градус салқын, күндіз 1-6 градус жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус суық болады.

Павлодар қаласында бұлтты, жауын-шашынды ауа райы күтіледі.