Павлодар облысында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы басталады
 
                                    Мақсаты – браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Полиция ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап браконьерлікті анықтау үшін аңшылық шаруашылықтары мен алқаптарды, соның ішінде аң аулау үшін аймаққа келген шетелдіктер арасында патрульдеу жүргізеді, – деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Сондай-ақ жолдардағы патрульдер атыс аңшылық қаруы мен патрондарын, суық қаруды сақтауға және алып жүруге, сондай-ақ аң аулау, балық аулау, ағаш кесу, ағаш дайындау құқығына рұқсат беру құжаттарының болуын тексереді.
Іс-шара 19 қарашаға дейін жалғасады. Полиция департаменті облыс қонақтары мен тұрғындарынан елдің табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауды сұрайды.
 
                         
 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
    
             
    
             
    
             
    
             
    
             
    
             
    
 
         
         
    
 
    
 
    
                                        
                                     
    
 
    
 
    
