Павлодарлық қобызшылар мен домбырашылар Семейде төрт Бас жүлде жеңіп алды
Нұрилә Әзілханова атындағы II өңірлік конкурс Семей қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Байқауға Абай, Павлодар облыстарының, Семей, Ерейментау қалаларының 100-ден астам оқушысы қатысты. Оның ішінде жеті қобызшы мен алты домбырашы – Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері.
– Семей қаласындағы музыка мектебінің педагогін еске алуға арналған байқау қатысушылар үшін өте маңызды және жауапты болды. Оқушылар қазақстандық және ағылшын авторларының 15-тен астам туындысын орындап, аспапты меңгеру дағдыларын, әртістік және шығармашылық қабілеттерін көрсетті, – дейді музыка мектебінің әдіскері Марина Бойко.
Конкурстың қорытындысы бойынша жерлестеріміз 15 жүлделі орынға ие болды. Мектеп қоржыны төрт Бас жүлде, сегіз бірінші және үш екінші орынмен толықты.
– Конкурста облыс атынан өнер көрсету – үлкен жауапкершілік. Мектеп оқушылары жақсы нәтиже көрсете алды. Олар үшін конкурсқа қатысу одан әрі жетілдіру және шығармашылық өсу үшін бастама болып табылады, – дейді мектеп басшысының орынбасары Нұрлан Қайшанов.
Бас жүлдені әртүрлі жас санаттары бойынша қобызшылар Жансая Бектас (13 жаста), Жансая Самат (14 жаста), Шағала Ержанболот (9 жаста) жеңіп алды.
Олар Ермұрат Үсеновтің «Фантазия», Кенжебек Күмісбековтің «Вальс», Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әндерін орындады.
Сонымен қатар, Бас жүлдені Ермұрат Үсеновтің «Өмірдастан» шығармасын орындағаны үшін «Кербез» қобызшылар ансамблі иеленді.
I орынды Арсланбек Сұлтанбековтің «Домбыра» шығармасымен өнер көрсеткен «Жас екпін» домбыра ансамблі, жеке орындауда Мерей Шарапат, Әлижан Құсайын, Нұрай Сақтаған, Айша Жанбосинова, Інжу Аипова, Гүлназ Сманова, Ақерке Қазкенова иеленді. Олар Қазанғаптың «Шынаяқ тастар», Құрманғазының «Балқаймақ», «Көк ала ат», Эзра Дженкинсонаның «Танец», Ахмет Жұбановтың «Вальс», Ықыластың «Ерден», Евгений Брусиловскийдің «Боз-айғыр» шығармаларын ұсынды.
II орынды Аружан Берікболқызы, Ерасыл Алпысбай, Гүлназ Танабасова иеленді. Олар Дәулеткерейдің «Қос Алқа», Құрманғазының «Адай», Қазанғаптың «Акжелең» шығармаларын орындады.