Павлодар облысында денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар қорытындыланды
Жыл басынан бері 20 медициналық нысан күрделі жөндеуден өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов денсаулық сақтау саласындағы жетістіктермен бөлісті.
– Биыл 2 миллиард теңгеге 20 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді. Облыстың даму жоспары аясында Павлодар ауданының Набережное ауылындағы дәрігерлік амбулатория, Ақсу қаласының Пограничник ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттерінің құрылысы аяқталды. Ә.Марғұлан атындағы ауылдағы медициналық пункт бойынша пайдалануға беру актісі ғана қалды, – деді басқарма басшысы.
Денсаулық сақтау ұйымдары үшін 4,4 миллиард теңге сомасына 400 медициналық жабдық сатып алынды. Оның ішінде компьютерлік томограф ФЛЮКАР рентгенографиялық жылжымалы кешені, төрт рентгенографиялық жүйе, бес ӨЖЖ аппараты, 10 УДЗ аппараты, үш анестезиялық-тыныс алу аппараты, екі көліктік кювез және басқа да медициналық жабдық бар.
Облыс емханалары 12 миллиард теңге сомасына 172 801 тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етілді. Қазақстан халқына қоғамдық қоры дәрілік заттарды сатып алу үшін 1,3 миллиард теңге сомасына 37 науқасқа көмек көрсетті.
– Жыл басынан бері күндізгі стационар жағдайында 68 мың адамға көмек көрсетілді. Облыстың 268 елді мекенінде тұратын 33 мыңнан астам адам жылжымалы медициналық кешендерде қаралды. Жалпы 24 мыңнан астам диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізілді, – деді Айдар Сейітқазинов.
Санавиация желісі бойынша шығу кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетілген адамдардың саны 318 құрады, оның ішінде 121 әуе және 197 жерүсті көлігімен мамандандырылған көмек көрсетіледі.
Өлім-жітім 10 пайызға, оның ішінде қатерлі ісіктерден және қан айналымы жүйесі ауруларынан 2,6 пайызға, жазатайым оқиғалардан, уланулардан және жарақаттардан 12 пайызға төмендегені байқалады.
МӘМС шеңберінде ЭКҰ-ға 269 квота ауылдық аудандарға, Павлодар қаласы ауылдық аймақпен - 157 жұпқа, Екібастұз қаласы ауылдық аймақпен - 59 жұпқа, Ақсу қаласы ауылдық аймақпен - 17 жұпқа, ауылдық аудандарға 36 жұпқа басымдықпен бөлінді.
Қазіргі уақытта барлық 269 ерлі-зайыптылардың 100% бағдарламаларды аяқтады, олардың 95-і оң нәтиже көрсеткен, 12 жүктілік аяқталып, 13 бала дүниеге келді.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап облысқа 119 дәрігер келді, оның ішінде 58 резидент Павлодар облысы әкімінің гранты бойынша оқуын аяқтады.
Айта кетейік, денсаулық сақтау магистрі Айдар Сейітқазинов денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне 2020 жылы кіріскен болатын. Оның «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілері, «Ерен еңбегі үшін» медалі бар. Денсаулық сақтау саласындағы еңбек жолын Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада уролог-дәрігер болып бастады. Ол әр жылдары Шарбақты, Павлодар аудандық ауруханларының бас дәрігері болып істеген.