Павлодар облысында ер адам екі жыл бойы құлдықта болған
Ол қарызбен бопсаланып, еңбек етуге күштеп мәжбүрлеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы ІІМ өткен апталық брифингте ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлім етті.
– Павлодар облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мәжбүрлі еңбек фактісін анықтап, жолын кесті. 1987 жылы туған ер адамды қорқыту және зорлық-зомбылық арқылы жақын маңдағы елді мекеннен 60 шақырым жерде орналасқан аңшылық үйде екі жыл бойы ұстаған,– деді Қанат Нұрмағамбетов.
Оның сөзінше, аталған факт бойынша еңбек күшін пайдалану мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Жәбірленуші туған туысқандарының қолына қайтарылды.