Павлодар облысында ер адам моторлы қайықтан құлап, мерт болды

Павлодар облысында ер адам моторлы қайықтан құлап, мерт болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жазатайым оқиға күндіз орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 маусымда сағат 12:15-те Черноярка ауылының маңында Ертіс өзенінің саласында балық аулау кезінде 1977 жылы туған ер адам қайықтан құлағаны туралы хабарлама түсті. 

– Суға құлап түскеннен кейін ол басымен моторлы қайық бұрандасынан жарақат алып, көз жұмды. Ер адам құтқару кеудешесінде болды, – деді департаментте.

Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті өңірдің тұрғындары мен қонақтарынан суда болған кезде сақтық шараларын қабылдауды сұрайды.