Павлодар облысында еріген қар суын сорғызу жалғасуда

Павлодар облысында еріген қар суын сорғызу жалғасуда

Бүгінгі таңда 10 мың текше метрден астам су сорылды, деп хабарлайды Pavlodarnew.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Павлодар ауданы, Павлодар қаласы, Ақсу қаласы елді мекендерінің аумағында еріген қар суын сору жұмыстары жалғасуда.

Бүгінгі күні сағат 14:00-дегі жағдай бойынша барлығы 10 мың текше метрден астам су сорылды. Ақсу қаласында Бөкейханов көшесінің оңтүстік-шығыс бөлігінен су бұру каналы өткізілді. «Атамекен-Ақсу-Көктөбе-Курчатов» республикалық маңызы бар автожолының 129 шақырымында жол төсемі бойынмен судың өтуін алдын алу мақсатында трасса бойымен қапшықтарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта 80 дана төселді. Барлығы 44 бірлік түрлі техника, 98 адам жұмылдырылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.