Павлодар облысында есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды

Павлодар облысында есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тінту іс шараларын жүргізу барысында шамамен 700 грамм есірткі тәркіленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің ҰҚКБ қызметкерлері жедел іздестіру шарасын өткізу барысында прокуратурамен үйлестіру кезінде есірткі өткізумен айналысқан қаланың екі тұрғынын ұстады. 

Ұсталғандардың бірі «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қызметкері екені анықталды. Ол өзінің танысымен бірге есірткі таратты. Тінту іс-шараларын жүргізу барысында шамамен 700 грамм есірткі, зергерлік электрондық таразы, электрошокер, пневматикалық мылтық, екі мылтық және оқ-дәрі тәркіленді.

Есірткі құралдарын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды өткізу, жөнелту не өткізу мақсатында заңсыз дайындағаны, өңдегені, сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды, – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде. 

Полиция азаматтарды есірткінің заңсыз таралуына қарсы күресте көмектесу үшін кез келген ақпарат туралы хабарлауға шақырады.