Ақсу ауылдық аймағында өрттен бес бала құтқарылды
Үйдің шатыры отқа оранған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«101» пультіне Ақсу қаласы Беловка ауылында жеке үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Жедел келген өрт сөндірушілер екі пәтерлі үйдің шатырының ағаш құрылымдарын сөндіруге кірісті.
Өрт сөндіру барысында 6 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.