Павлодар облысында коммуналдық кәсіпорын негізсіз 186 миллион теңге кіріс алған
Кәсіпорын айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Май ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің «Май-сервис» МКҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша 24 мамырда ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментімен 186 млн теңге көлемінде негізсіз алынған кіріс анықталды.
– Осыған байланысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 5-бөлігіне сәйкес табиғи монополия субъектісінің заңнамада белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды, – делінген хабарламада.
Осы баптың санкциясында алынған кірістің 10% мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу көзделген. Іс қаралуда.