Павлодар облысында мамыр айының соңғы күндері ыстық болады
Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
23 мамырда түнде +7...+12°C, күндіз +22...+27°C болады. Күндіз оңтүстікте, батыста аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстікте жел 9-14 м/с, найзағай уақытында секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
24 мамырда түнде +7...+12, күндіз +22...+27°C. Солтүстіктен жел 9-14 м/с соғады, жауын-шашынсыз.
25 мамырда түнде +7...+12, күндіз +20...+25°C. Солтүстіктен жел секундына 9-14 метр соғады. Жауын-шашынсыз.
26 мамырда түнде +7...+12, күндіз +22...+27°C, солтүстіктен жел секундына 9-14 метр соғады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады.
27 мамырда түнде +7...+12, күндіз +23...+28. Солтүстіктен жел секундына 9-14м/с соғады. Жауын-шашынсыз.
28 мамырда түнде +7...+12, күндіз +17...+22, облыстың батысында +25...+30°C болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, 9-14 м/с, найзағай кезінде секундына 15-20 метрге дейін барады. Түнде солтүстік пен шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Күндіз шығыста найзағай ойнайды.
29 мамырда түнде +5...+10, күндіз +22...+27 °C болады. Батыстан соғатын жел 9-14 м/с, облыстың шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыста жаңбыр жауып, күн күркірейді.
30 мамырда түнде +5...+10, күндіз +22...+27. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с, 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Жаңбыр жауып, күн күркірейді.
31 мамыр түнде + 7...+ 12, күндіз + 25...+ 30°C ыстық болады. Солтүстік-батыстан соққан жел 9-14, екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Облыстың оңтүстік-шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі.