Павлодар облысында мас күйде көлік басқарған жүргізуші қамауға алынды
Әрі 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Шарбақты ауданы сағат 21:00 шамасында жүргізуші мас күйінде Лада гранта маркалы көлік құралын жүргізген.
- Жүргізушіні полиция қызметкерлері тоқтатты. Медициналық куәландыру полицияның болжамдарын растады. Осыған байланысты оған қатысты ҚР ӘҚБтК - нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылды, - делінген хабарламада.
Сот отырысында жүргізуші үйде арақ ішкенін, содан кейін көлік құралын жүргізгенін түсіндірді. Сот шешімі бойынша құқық бұзушыны 7 жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыра отырып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Айта кетейік, биыл Шарбақты ауданы бойынша полиция қызметкерлері мас күйінде көлік құралдарын жүргізудің 25 фактісін анықтаған. Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылды.