Павлодар облысында наурыздың алғашқы аптасы қандай болады?

Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 4 наурызда қар жауып, боран соғады. Облыстың оңтүстік, шығысында тұман түседі. Сынап бағанасы түнде -10...-15°С, ал күндіз -3...-8°С, облыстың шығысында -11°С көрсетеді.
5 наурызда да қар жауып, боран соғады. Облыстың оңтүстік, шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -13...-18°С, ал күндіз -3...-8°С, облыстың шығысында -11°С-қа дейін төмендейді.
6 наурызда боран соғады. Сынап бағанасы түнде -10...-15°С, облыстың шығысында -18°С, ал күндіз 0...-5°С көрсетеді. Желдің жылдамдығы облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
7 наурызда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауып, боран соғады. Ауа температурасы түнде -10...-15°С, облыстың шығысында -18°С, ал күндіз -2...+3°С-қа дейін жылынады.
Халықаралық әйелдер күнінде жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағанасы түнде -4...-9°С, ал күндіз -2...+3°С-қа дейін көтеріледі.
Жексенбіде түнде облыстың батысында қар жауып, боран соғады. Күндіз қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -1...-6°С, ал күндіз 0...+5°С-қа дейін жылынады.