Павлодар облысында наурыздың басында аяз болады

Павлодар облысында наурыздың басында аяз болады

Айлық жауын-шашын мөлшері облыстың солтүстік жартысында нормаға сәйкес, ал оңтүстік бөлігінде нормадан көп болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, айдың орташа температурасы нормаға сәйкес болады:  -4,6…-7,7°С ( норма: -4,8...-7,9°С)

Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасының төмендеуі байқалады: түнде -13°С...-18°С, облыстың солтүстік бөлігінде -23°С... 0,-5°С болса, оңтүстігінде -8°С...+3°С, ал күндіз  -2,-7°С... 0,+5°С, оңтүстік бөлігінде +8°С болады.  

Онкүндіктің екінші жартысында түнде -18...-23°С, облыстың солтүстік-шығысында-28°С, оңтүстікте -13°С, күндіз -7...-12°С, оңтүстік бөлігінде -2°С дейін  суытады. 

Наурыз айының екінші онкүндігінде түнде -18...-23°С, облыстың оңтүстігінде -26°С... -23°С, күндіз -7...-12°С-тан -2...-7°С

Үшінші онкүндікте ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжануда: түнде -5...-10°С-тан 0...-5°С-қа, күндіз 0... -5°С-тан +3...+8°С-қа дейін,  ал облыстың оңтүстігінде ауа температурасы +12°С-қа дейін жылынады.

Бірінші, үшінші онкүндіктің басында және айдың соңында жаңбыр аралас қар, ал айдың ортасында қар мен бұрқасын күтіледі. Бірінші онкүндіктің соңында көктайғақ болады.  Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Фото: Константин Шелков