Павлодар облысында орта мектептердің бірінде виртуалды гид пайда болды (ВИДЕО)

Павлодар облысында орта мектептердің бірінде виртуалды гид пайда болды (ВИДЕО)
Фото ашық дереккөзден

Оған құрастырушылар «Айзере» деген есім берген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық білім басқармасы мәлімдеді.

- Павлодар ауданының Розовка ЖОББМ «Айзере» атты виртуалды гид пайда болды. Сұраныс бойынша гид бірнеше сұраққа жауап береді. Мәселен, мектептің құрылу тарихы, мектептің секциялық жұмысы, сенім телефоны мен учаскелік нөмір, - делінген хабарламада. 

Жұмыс мақсаты -  Яндекс бағанының функционалдығына ұқсас. Жауаптарды әзірлеушілер тобы жеке бейне файлдармен жазған. 

Құрастырушылардың айтуынша, жүйе ардуино негізінде құрылған, оны әзірлеушілері дауыстық және бейне модульдерімен толықтырған. Алдағы уақытта жауаптар базасын кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Білім басқармасы (@bilim_basqarmasy)