Павлодар облысында осы апта жаңбырлы болады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 9 сәуірде түнде +2...+7°С, ал күндіз +8...+13°С-қа дейін жылынады.
10 сәуірде жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Сынап бағанасы түнде 0...+5°С, ал күндіз +5...+10°С-ты көрсетеді.
11 сәуірде де жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0...-5°С, ал күндіз +3...+8°С болады.
12 сәуірде жауын-шашын күтілмейді. Түнде 0...-5°С, ал күндіз +5...+10°С-қа дейін жылынады.
Сенбіде де жауын-шашын болмайды. Сынап бағанасы түнде 0...+5°С, ал күндіз +10....+15°С-ты көрсетеді.
Жексенбіде жаңбыр жауады. Түнде +2...+7°С, ал күндіз +12...+17°С жылы болады.