Павлодар облысында осы аптада +17 градусқа дейін жылынады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 2 сәуір күні жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -2...+3°С, ал күндіз +2...+7°С болады.
3 сәуірде де жауын-шашын күтіледі. Сынап бағанасы түнде -1...-6°С, ал күндіз +5...+10°С-ты көрсетеді.
4 сәуір күні аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -3...+2°С, ал күндіз +10...+15°С-қа дейін жылынады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр соғады.
5 сәуірде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде -3...+2°С, облыстың оңтүстігінде +5°С, ал күндіз +12...+17°С-қа дейін көтеріледі.
Сенбіде күн ашық болады. Ауа температурасы түнде 0...+5°С, күндіз +12...+17°С-қа дейін жылынады. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге дейін жетеді.
Жексенбіде аздаған жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде 0...+5°С, ал күндіз +12...+17°С-ты көрсетеді.