Павлодар облысында осы аптада 30 метрге дейін қатты жел соғады
Аптаның соңына дейін қар жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 5 қарашада ауа температурасы түнде -3...-8°С, күндіз -2...+3°С болады.
6 қарашада түнде облыстың батысында, оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ күтіледі. Сынап бағанасы түнде 0...-5°С, ал күндіз +8...+13°С-ты көрстеді.
7 қарашада түнде батыста, солтүстікте, күндіз облыстың көп бөлігінде қар жауып, боран соғады. Ауа температурасы түнде -1...-6°С, ал күндіз -2...+3°С жылы болады. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыста секундына 15-20, кейде 23-28, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 30 метрге дейін жетеді.
8 қарашада да боран соғады. Сынап бағанасы түнде -4...-9°С, ал күндіз 0...-5°С-қа дейін түседі.
Сенбіде қар жауады. Ауа температурасы түнде -5...-10°С, ал күндіз 0...-5°С суық болады.
Жексенбіде боранды болмақ. Сынап бағанасы түнде -3...-8°С, ал күндіз -2...+3°С-ты көрсетеді.