Павлодар облысында полиция күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті
Бұл Жаңа жыл мерекелері қарсаңында қауіпсіздікті күшейту мақсатында қабылданған шара, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Осы кезеңде бұқаралық іс-шаралар, корпоративтік жиындар, туған-туыстар мен достар арасындағы кездесулер саны артады.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық орындарда, саябақтарда, ойын-сауық мекемелерінде және көшелерде патрульдеу күшейтілді.
– Сіздерді қырағы болуға, заң талаптарын қатаң сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырамыз. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар, – деп атап өтті облыстық полиция департаментінде.
Жол жүрісі қағидаларын сақтау мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.