Павлодар облысында республикалық маңызы бар автожол жабылды
Оған себеп ауа райының нашарлауы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін сағат 19:00-ден бастап Қалқаман кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі автожол жабылды.
- Ауа райының нашарлауына байланысты яғни температураның төмендеуі, көктайғақ және боранның салдарынан Қалқаман кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды, - делінген хабарламада.
Яғни, Қалқаман-Майқайың-Баянауыл-Үміткер-Ботақара республикалық маңызы бар автожол учаскесінде (0-231 км) қозғалыс тоқтатылды.