Павлодар облысында республикалық маңызы бар автожол жабылды
Мамандар жолаушыларға жолға шықпауға кеңес беруде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның мәлімдеуінше, 18 ақпан сағат 09:40-та ауа райының бұзылуына байланысты елімізде бірқатар өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Соның ішінде Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырым аралығында яғни Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі жол жабылды.
Жолды бүгін сағат 17:00-де ашу жоспарланған.
Жолаушылар 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.