Павлодар облысында салық төлеушілердің қамы үшін көшпелі сервистік топтар құрылды
Олар шалғай ауылдарға да барады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтер көрсету және салық төлеушілерге ақпараттық-түсіндіру қолдауын ұсыну үшін құрылған көшпелі сервистік топтардың жұмысы туралы хабарлайды.
Сервистік топтар мемлекеттік кірістер органдарының әкімшілік ғимараттарынан тыс жерде қызметтерін ұсынады және салық төлеушілерге жеке тұлғалардың салық есептілігін жасауды және ұсынуды қоса алғанда, салық міндеттемелерін орындау бойынша ақпараттық-түсіндіру қолдауын көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтер салық төлеушілердің мынадай санаттарына атаулы түрде ұсынылады:
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
- екі айдан артық уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін сырқаттары бар адамдарға;
- бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж сексен жастан асқан қарт адамдарға;
- аумақтарында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ шалғай елді мекендерде тұратын жеке тұлғаларға.
Департаменттің белгіленген кестесіне сәйкес сервистік топтардың шығуы аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері жүзеге асырылады.
Сервистік топтың келуіне өтінімдерді қабылдау 1414 байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылады.