Павлодар облысында шыбын-шіркейге қарсы жұмыстар жүргізілетін аумақтар белгілі болды
Зиянкестермен күресушілер алдымен облыс жайылымдарына бақылау жүргізбек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ғылыми топтың ұсынысы бойынша 3 мамыр күні сағат 09:00-ден бастап Ақсу қаласының қасындағы А2 әуе өрісіне авиаөңдеу жоспарланды. Бұл жұмыстарды «QSM Engineering» ЖШС атқарады.
Сағат 10:00-ден бастап Павлодар қаласы, Ақсу және Тереңкөл ауданының жайылмаларында фенологиялық бақылау жүргізіледі. Мердігер ұйым – TEK.A.TEK.kz ЖШС.
«QSM Engineering» ЖШС сағат 17:00-ден бастап жағалауды өңдейтін болады.
Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығында мердігер ұйымға улау жұмыстарына қажетті жаңа құрылғылар сатып алу 10 сәуірге дейін тапсырылған болатын. Биылғы жылы масалар мен шіркейлерді улау бойынша 8,5 мың гектардан астам аумақты өңдеу жоспарлануда. Қала көлемінде осы жұмыстарға «ХЛЕБСТРОЙ» ЖШС жауапты. Дернәсілдерді жою үшін «Биорин», «Авицин», «Фоби», «Бактицид» химиялық препараттары қолданылады.