Павлодар облысында төрт орман өрті сөндірілді

Павлодар облысында төрт орман өрті сөндірілді
Фото:pixabay.com/ Ylvers

Өрттің негізгі себебі – найзағай, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар авиациялық бөлімшесі және орман өртіне қарсы қызметтердің бірлескен күшімен табиғи апатқа қарсы күресте кәсіби шеберлік пен табандылық көрсетті. 

– Біздің ортақ күш-жігеріміздің арқасында төрт орман өрті сөндіріліп, сегіз әуеден су шашу операциясы сәтті орындалды. Бұл — тек Павлодар авиа бөлімшесі командасының емес, сонымен қатар орман шаруашылығы мамандары, жергілікті орман өрт сөндіру бөлімшелерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі, – деді «Ертіс орманы» табиғи резерватында.

Орманшылар «Қазавиақорғау» мен өрт сөндірушілерге жұмысы үшін алғыстарын білдірді.