Павлодар облысында төрт жастағы сәби кәріз жүйесіне құлап, қайтыс болды

Павлодар облысында төрт жастағы сәби кәріз жүйесіне құлап, қайтыс болды
Фото: Константин Шелков

Қайғылы оқиға Мойылды ауылында орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 31 мамыр күні кешкі уақытта жедел түрде медициналық көмек керек екені туралы хабарлама түскен. 

Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 10 минутта жетті, алайда  ол кезде баланың көз жұмғаны тіркелді.